Фото: Inform.kz
8 қаңтарда Египеттің DMC телеарнасы Димаш Құдайбергеннің Пирамидалар жанында өткен жеке концертін көрсетеді, деп хабарлайды Ult.kz.
Шара «The Pyramids Echo» фестивалі аясында ұйымдастырылған болатын. Эфир уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 23:30-да басталады.
Айта кетейік, Димаш Құдайберген - Гиза пирамидалары жанында өнер көрсеткен ТМД елдерінен шыққан алғашқы әртіс. Концерт 30 қараша күні өткен болатын.
