06 қаз, 2025 сағат 18:56

Джеки Чан ойнайтын «Құдіретті сауыт» фильмінің төртінші бөлімі Қазақстанда түсіріледі

Фото: Instagram.com

Әлемге танымал актер әрі продюсер Джеки Чан «Құдіретті сауыт» («Armour of God») атты әйгілі франшизаның жалғасын Қазақстанда түсірмек, деп хабарлайды Ult.kz.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, Қазақстан түсірілім алаңы ретінде Бейжіңде өткен келіссөздерден кейін бекітілген. Бұл жоба – фильмнің төртінші бөлімі.

«Жоба бойынша келіссөз Бейжіңде басталды, ал түсірілім Қазақстанда болады. Бұл –Джеки Чанның миллиардтаған жанкүйерінің үмітін ақтап, әлемге танымал франшизаны сәтті жалғастыру үшін күш пен ресурстарды біріктіруге тамаша мүмкіндік», – деді медиакомпаниясының бас директоры Игорь Цай.


Айта кетсек, «Құдіретті сауыт» фильмі алғаш рет 1986 жылы жарық көріп, бүкіл әлемге танылды.