
5 ақпан күні Алматыда өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің кезекті отырысы барысында 11 мәселе қарастырылады. Бұл туралы бүгін брифинг кезінде ЕЭК Алқа төрағасының көмекшісі Ия Малкина мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Отырыс Алматы қаласында өтеді. Мұндағы екі мәселе ЕЭК Алқасының Қазақстан мен Беларусь елдерінің ішкі нарықтар қызметінің аясында міндеттемелерді орындау туралы шешімдерін өзгертуге байланысты болады. Мәселе ЕАЭО елдеріне қара және түсті металдар сынығын шығаруға тыйым салуды тосқауыл ретінде тану туралы болмақ. Үкімет басшылары ЕАЭО-да арнайы қорғаныс, демпингке қарсы және өтеу шараларын қолдану механизмдерін жетілдіру бойынша қадамдарды қарастырады», - деп атап өтті Алқа төрағасының көмекшісі.
«Сондай-ақ, күн тәртібінде пайдаланушы елдердің ЕАЭО тарифтік преференциялары бірыңғай жүйесінің тізімін өзектілендіру мәселесі тұрады», - деп хабарлады И.Малкина.
Үкіметаралық кеңес Одақ мемлекеттерінің өткізу бекеттерінде электрондық құжат айналымын дамыту концепциясын, Одақ мемлекеттерінде өткізіліп жүрген асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық-тұқымдық жұмыстың үйлестірілу тәртібі мен аналитикалық қамтамасыз ету тәртібін қарастырады.
Бұдан басқа, Комиссия үкімет басшыларына Одақ мемлекеттеріндегі макроэкономикалық жағдай және тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету ұсыныстары туралы баяндамасын ұсынады.
