04 ақп, 2021 сағат 19:38

ЕАЭО ортақ нарығы: Мұнай өнімдерінің бағасы қалай өзгереді?

Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ нарығында ашық және қошқыл мұнай өнімдерінің бағасы қалай өзгереді? Бұл сауалға Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым жөніндегі мүшесі (министрі) Эмиль Кайкиев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сөзді жалпы қозғаған жөн. Мұнай өнімдерінің бағасы нарықтық тетіктерге сәйкес қалыптасады. Яғни, газ сияқты тікелей шарттар мен биржалық шарттар жасасу арқылы жүзеге асырылады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі баспасөз мәслихаты барысында. 

Дегенмен, ЕЭК министрі бұл ретте биржалық сауда-саттыққа баса назар аударылатындығын баса айтты. 

«Ол бағаның экономикалық негізделген деңгейін айқындауға мүмкіндік береді. Бұл қатысушыларға болжамды және дәйекті шарт ұсынады. Яғни, олар өзара тиімді шартта және адал бәсекелестікте жұмыс істей алады», - деді Эмиль Кайкиев.