15 ақп, 2021 сағат 17:11

ЕАЭО және Сербия арасындағы еркін сауда келісіміне қатысты ҚР заңына қойылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорда сайтында хабарланды.

Сондай-ақ ҚР Президенті «2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заң мәтіндері баспасөзде жарияланады.