Фото: Әлеуметтік желіден
Астанадағы «Хайвил» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бірінен қару-жарақ сақтаған екі шетелдік ұсталды. Оқиға Назарбаев Университеті маңында болған, деп хабарлайды Ult.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілерден мылтықтар мен тапаншалар табылған.
Бұл жағдайды Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов көтеріп, үкіметтік ғимараттарға жақын орналасқан элиталық тұрғын үйде қарудың сақталуына күмән білдірді.
Оқиғаға қатысты редакция университет пен қала полициясына ресми сауал жолдады.
Айта кетейік, соңғы уақытта Қазақстанда шетел азаматтарының бақылаусыз жүріп-тұруы қоғамда жиі сынға ұшырап жүр. Сарапшылар бұл мәселені көші-қон жүйесіндегі олқылықтармен және жалған құжат айналымымен байланыстырады.
