Фото: Астана әкімдігі
21 қыркүйек күні «Астана Арена» стадионында әлемге әйгілі Backstreet Boys тобының концерті өтті. Бұл тарихи іс-шараға 45 елден 12 мыңнан астам турист арнайы келді, деп хабарлайды Ult.kz.
Германия, Польша, Франция, Түркия, Финляндия, Литва, Эстония, Чехия, Сербия, Грекия, Әзербайжан, Ресей, Өзбекстан және басқа да мемлекеттердің жанкүйерлері елордаға ағылды.
Кештің ұйымдастырушысы – «Астана Концерт» компаниясы Total White дресс-кодын жариялап, шоуға ерекше сән мен бірлік берді. Әлеуметтік желілерде #GetReadyWithMe тренді кеңінен таралып, көрермендер балалық шақтағы кумирлерін қарсы алуға дайындықтарын көрсетті.
Фото: Астана әкімдігі
Backstreet Boys концерті Астанадағы әлемдік жұлдыздардың қойылымы ғана емес, елорда тарихына енген мәдени оқиға ретінде есте қалды.
Әлемдік музыкалық тарихтағы ең табысты поп-топтардың бірі саналатын Backstreet Boys бүгінде 130 миллионнан астам альбом сатқан. Қазақстандағы концерт топтың әлемдік турнесінің бір бөлігі болды. Ал 2025 жылы олар Лас-Вегастағы әйгілі The Sphere кешенінде бір күннің ішінде 500 мыңнан астам билетті сатып, тарихтағы ең көп сатылған шоуға қол жеткізген еді.
