07 қаң, 2021 сағат 23:57

Еуроодақ Қазақстанда өлім жазасына тыйым салынуын құптауда – ЕО өкілі Петер Стано

«Еуроодақ Қазақстанда өлім жазасына тыйым салынуын құптауда». Бұны ЕО өкілі Петер Стано айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

- 2021 жылғы қаңтардың 2-сінде Қазақстан Азаматтық және саяси құқық жайлы халықаралық пактінің Екінші факультативтік протоколына ратификация жариялады, осылайша 88-ші мүше мемлекет атанды. 

Бұл протокол елде өлім жазасын біржола жояды. Өлім жазасы – адамшылыққа жат, қатал үкім. 

Еуропалық одақ Қазақстанның бұл қадамын құптайды, себебі ол қатал жазадан бас тарту жайлы әлемдік тенденциямен үндеседі, - деді П.Стано.