24 мау, 2021 сағат 18:55

Индонезия президентінің баспасөз хатшысы Димашқа алғыс айтты


Индонезия президентінің баспасөз хатшысы Фаджрул Рахман Димашқа оның шығармашылығы үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

24 маусымда Индонезия президентінің баспасөз хатшысы Фаджрул Рахман өзінің ресми Instagram-парақшасында Димаштың орындауындағы «late Autumn» («Кеш келген күз») әнінің бейнекөрінісін жариялады. 

Индонезиялық мемлекет қайраткерін қазақстандық әншінің осындай керемет композицияны орындауы таң қалдырды.

«Димашқа аты аңызға айналған «late Autumn» әні үшін үлкен рахмет! Бұл - керемет жоғары ноталар. Мен үшін бұл - Отаным туралы ән. Рахмет!», - деді ол. 

Фаджрул Рахман – 2019 жылдан бері Индонезия президентінің баспасөз хатшысы. Бұл қызметке кіріспес бұрын ол қоғам белсендісі, саясаткер және жазушы ретінде танымал болған.