02 ақп, 2021 сағат 08:05

Инвесторларға қолдау көрсететін инвестициялық штаб құру қажет – Мұхтар Тілеуберді

Инвесторларға қолдау көрсететін инвестициялық штаб құру қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында инвестицияларды басқарудың көп деңгейлі жүйесін реформалау және оңтайландыру бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуге тапсырма берді. Жаһандық бәсекелестіктің өсуі жағдайында инвестицияларды тарту бойынша жұмысты сапалы жаңа деңгейге шығару мақсатында, біз әлеуетті инвесторлармен жұмыс істеудің жаңа тәсілдерін енгізуді және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша жұмысты күшейтуді ұсынамыз», - деді ол. 

Оның айтуынша, ел Премьер-Министрінің басшылығымен инвестициялық жобаларды жедел түрде қарап, инвесторларға жан-жақты қолдау көрсететін инвестициялық штаб құру қажет. 

«Аталған штабтың жұмысын келесідей құру ұсынылады, мемлекеттік органдар мен жеке бизнес инвестицияларға Тапсырыс қалыптастырады. Ол «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-да жинақталатын болады. Бұдан әрі «Астана» Халықаралық қаржы орталығының құзыреті «Business Connect» базасында инвестициялық ұсыныстарды верификациялау бөлігінде пайдаланылатын болады. Верификациядан өткен жобалардың ішінен арнайы пул қалыптастырылатын болады, ол жобаны іске асырудың барлық жолында «Task Force» жекеше бөлімшесімен сүйемелденетін болады. Бұл бөлімше – инвестициялық штаб жанындағы жобалық сарапшылардан/келіссөз жүргізушілердің арнайы құрылған командасы. Ол жұмысты ұйымдастыруға және инвестициялық штабтың күн тәртібін қалыптастыруға жауап береді. Қажет болған жағдайда аталған команданың жұмысына мемлекеттік органдардың, қаржы институттары мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері тартылатын болады, - деді Мұхтар Тілеуберді. 

Министрдің атап өтуінше, инвесторлармен пысықталатын айқын жобалар инвестициялық штабтың қарауына шығарылатын болады. Штабтың міндеті – инвестор үшін ерекше жағдайларды қамтамасыз ету бойынша нақты шешім қабылдау. Инвесторлар үшін ерекше шарттар ағымдағы жылғы 

16 қаңтарда күшіне енген «Экономикалық өсуді қалпына келтіру туралы» Заң аясында стратегиялық инвестициялық келісімде көзделеді. 

«Осы жылдың қаңтар айында ҚР Үкіметі мен американдық «VALMONT» компаниясы арасында осындай алғашқы келісімге қол қойылғаны жөнінде атап өткен жөн. Сонымен, инвестициялық штаб мүшелері алқалы түрде қарағаннан кейін инвестициялық келісімге қол қоюы, жобаны мақұлдау болып саналады. Бұл алгоритм қажет болған жағдайда одан әрі жетілдірілетін болады. Жоба бойынша проблемалық мәселелер туындаған кезде инвесторлардың сұрау салулары прокуратура, соттар, Мемлекет басшысына тікелей бағынысты агенттіктері мен басқа да мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен, оның ішінде «Астана» Халықаралық қаржы орталығы сотының юрисдикциясын басымдықпен пайдалана отырып, Инвестициялық омбудсмен алаңында қаралады. Осылайша, инвестициялық жобаларды өтпелі сүйемелдеу мен жинақталуы қамтамасыз етіледі, бұл жауапты органдар функцияларының қайталануын болдырмауға мүмкіндік береді», - деді ол.