
ҚР Энергетика министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Нұрлан Ноғаев «ҚазТрансГаз» АҚ ұлттық операторы инженерлік желілерін цифрландыру барысын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Сонымен қатар, «ҚазТрансГаз» АҚ ұлттық операторы инженерлік желілерді цифрландыру бойынша жұмыстарды жүргізуде. Бүгінгі күні шамамен елдің 2 миллион абоненті цифрландырылды. Газ құбырының магистральдық бөлігінің 19 мың шақырымы цифрландырылды. Магистральдық газ құбыры нысандарының 3D моделі жасалды», - деді министр.
Сондай-ақ пилоттық режимде Қостанай қаласының газ тарату жүйесі цифрландырылған.
2021 жылы қалалар мен облыстардағы 47 мың шақырым газ тарату желілерін цифрландыру, кеңістіктік деректерді цифрландыру және өзектендіру жоспарланып отыр.
