
2020 жылы камералдық бақылау барысында 983 млрд теңгеге бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«2020 жылы камералдық бақылаумен сомасы 10,4 трлн теңге болатын 1,4 миллионнан аса мемлекеттік сатып алу рәсімі қамтылды. Тексеру қорытындылары бойынша сомасы 983 млрд теңгеге бұзушылықтар ескертілді», - деді министр.
Оның айтуынша, өткен жылы 2 177 аудиторлық іс-шара өткізілді. Аудитпен 1 трлн теңге бюджет қаражаты қамтылды. Сомасы 251 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Оның 74 пайызы бухгалтерлік және қаржылық есепті жүргізуге тиесілі болып отыр.
«Тауарларды жеткізуді, қызметтерді көрсетуді және жұмыстарды орындауды қалпына келтіру, бюджетке өтеу және есепке алу бойынша көрсету жолымен 237 млрд теңгеге бұзушылықтар жойылды. Аудит нысандары қызметінің тиімділігін жетілдіру және арттыру үшін 1 950 ұсыным берілді», - деді Ерұлан Жамаубаев.
