12 қар, 2020 сағат 15:02

Қаржы секторын 2030 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы қашан аяқталады?

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова қаржы секторын 2030 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы 2021 жылдың бірінші тоқсанында аяқталатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, 2020 жылғы маңызды оқиғалар қаржы секторына едәуір әсер етіп, орта мерзімді болашағына ықпал етеді. 

«Қаржы секторын дамытудың жаңа басымдықтары мен стратегиялық бағыттарын айқындау үшін Агенттік Ұлттық банкпен және қаржы нарығының қатысушыларымен бірлесіп, қазіргі уақытта 2030 жылға дейін қаржы секторының жаңа тұжырымдамасын әзірлеп жатыр», - деді Мәдина Әбілқасымова. 

Агенттік басшысы, қазіргі уақытта қаржы секторындағы жағдайға қандай мегатрендтер әсер ететін айтты. 

«Біріншіден, бұл бизнестің тиімділігін арттыру мақсатында дәстүрлі бизнес моделі бар қаржы институттарында жаңа технологияларды белсенді қолдану. Екіншіден, бұл қаржылық қызметтерді тұтынушылардың жаңа буынын қалыптастыру, онлайн қызметтер ұсыну. Үшіншіден, бұл дәстүрлі ойыншылардың нарықтық үлесін арттыру (жаңа бизнес-модельдер) және технологиялық компаниялардың (Fintech, BigTech) қаржылық қызметтер нарығына шығу мақсатында жаңа технологияларды қолдану арқылы бизнес-модельді өзгерту», – деп атап өтті Агенттік басшысы. 

Ол әлемдік нарықтағы қаржылық институттардың көпшілігі клиенттермен байланыс орнатудың цифрлық арналарын енгізіп, дамытып жатқанын, сондай-ақ қызмет көрсету тәсілдерін өзгертіп, клиенттердің тәжірибесін қалыптастыратынын атап өтті. 

Болжамдарға сәйкес, финтехника мен ірі технологиялық компаниялар нарықтың жаңа ойыншыларының арқасында 2025 жылға қарай дәстүрлі бизнес модельдері бар қаржы институттарының кірісі 30%-ға төмендеуі мүмкін. 

«Бұл жағдайда қаржы секторын дамытудың үш негізгі моделін атауға болады. Біріншіден. Экожүйе нарығы. Екінші.Қаржы қызметтерін ұсына бастаған технологиялық компаниялар нарығы. Үшінші. Дәстүрлі қаржы институттары, финтех-стартаптар мен технологиялық компанияларды қоса алғанда, нарықтың барлық қатысушыларының бір уақытта бәсекелестігі мен ынтымақтастығы болатын бәсекелі нарықтар», - деді Мәдина Әбілқасымова. 

Осылайша, әзірленген қаржы секторын дамыту тұжырымдамасы барлық көрсетілген әлемдік тенденцияларды ескере отырып, отандық қаржы жүйесінің өзгеруі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жағдай жасауы керек. 

«Тұжырымдаманың мақсаты - 2030 жылға қарай макроқаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және елдің тұрақты және инклюзивті экономикалық дамуын сақтауға ықпал ететін бәсекеге қабілетті жоғары технологиялық қаржы секторын құру», - деді ол. 

Тұжырымдама аясында қаржы секторын дамытудың 7 басымдығы анықталды. 

Бірінші басымдық - қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету; 

Екінші басымдық - қаржы институттарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру; 

Үшінші басымдық - экономиканы қаржыландыруда банк секторының рөлін қалпына келтіру; 

Төртінші басымдық - корпоративтік басқару сапасын, тәуекелдерді басқару стандарттарын жақсарту; 

Бесінші басымдылық - ашықтықты жақсарту және қаржы институттарының меншік құрылымын әртараптандыру; 

Алтыншы басымдық - қаржылық инклюзия мен қаржылық сауаттылықты арттыру; 

Жетінші басымдық - жаңа технологиялар мен инновацияларды енгізу; 

«2020-2025 жылдарға арналған қаржылық технологиялар мен инновацияларды дамыту тұжырымдамасы мен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында көзделген шараларды іске асыру жұмыстары жалғасады», - деді Мәдина Әбілқасымова. 

Оның айтуынша, 2030 жылға дейін қаржы секторын дамыту тұжырымдамасын 2021 жылдың бірінші тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр.