
ҚР Кәсіподақтар федерациясы Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауына байқаушы ретінде қатысады, деп хабарлайды "
«Келер жылдың қаңтарында Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді. Қазақстандағы ең ірі қоғамдық бірлестік ретінде Кәсіподақтар федерациясы маңызды ішкі саяси процестерден тыс қала алмайды. Сондықтан Кәсіподақтар федерациясы ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауына елдің сайлау заңнамасының барлық нормаларының сақталуын байқаушы ретінде қатысуға ниетті», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіподақтар орталығы төрағасының міндетін атқарушы Төлеген Күнәділов елордада өткен брифингте.
Оның айтуынша, биліктің заң шығарушы тармағында еңбек адамының мүдделерін алға тартатын адамдар кірсе, жұмысшылардың құқықтарын қорғауға бағытталған ортақ күш-жігер жаңа серпін алады.
«Сонымен бірге, біздің әлеуметтік әріптестерімізбен ынтымақтастыққа негізделген бірлескен жұмыс қана қоғамның негізгі демократиялық құндылықтарын сақтауда айтарлықтай жетістікке жетуге мүмкіндік береді. Бірлік, әділет және даму - ҚР Кәсіподақтар федерациясы қызметінің басты қағидаттары», - деді Т. Күнәділов.
Федерация Қазақстан бойынша мың жарымға жуық сайлау учаскелерін қамтуды жоспарлап отыр. Әр учаскеге екі адамнан, жалпы үш мыңнан астам байқаушы дарялау көзделген.

