08 қыр, 2025 сағат 11:04

«Қазақконцерт» 65-ші концерт маусымын бастайды

Фото: ҚР МАМ

2025 жылдың 7 қыркүйегінде Астанада Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы 65-ші концерт маусымының шымылдығын түрді, деп хабарлайды Ult.kz.

Салтанатты кеште отандық эстрада жұлдыздары, сахна шеберлері мен жас таланттар бас қосып, түрлі музыкалық стильдер мен жанрларды қамтыған бағдарламаны ұсынды. Көрермендер ұлттық және әлемдік операдан попурри, халық әндері, отандық композиторлардың шығармалары, заманауи хиттер мен хореографиялық қойылымдарды тамашалады.

Мерекелік кешке Қазақстанның халық әртісі Айман Мұсахаджаева, еңбек сіңірген қайраткерлер, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары, «Астана сазы» фольклорлық ансамблі, симфониялық оркестр, «FORTE TRIO», «SAZ&SOUL» және басқа да шығармашылық ұжымдар қатысты.

Жаңа маусымда «Қазақконцерт» ұлттық мұраны дәріптейтін жобалар, заманауи эстраданың үздік туындылары, жаңа премьералар мен жас орындаушылардың тың қырларын танытатын қойылымдарды ұсынбақ.