21 жел, 2020 сағат 15:19

Қазақстан мен Азия Даму банкі арасында қарыз туралы келісім ратификацияланды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі белсенді шаралар мен шығыстарды қолдау бағдарламасы) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызеті хабарлады. 

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.