Фото: СІМ
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасындағы Украина Төтенше және Өкілетті Елшісі Виктор Майкомен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ult.kz.
Кездесу барысында тараптар қазақ-украин ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен оны одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқылап, екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі маңызды мәселелер жөнінде пікір алмасты.
"Әңгімелесушілер өзара қызығушылық тудыратын басым бағыттар бойынша өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға мүдделілігін растады", - делінген хабарламада.
