10 қаң, 2021 сағат 11:22

Қазақстан өзінің мемлекеттілігін нығайтып келеді – түркиялық байқаушы

Қазақстанда реформалар табысты жүзеге асырылуда. Бұл туралы елордада тәуелсіз халықаралық байқаушылардың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында Түркияның Қоршаған орта және урбандалу министрінің кеңесшісі Тұғрыл Чамаш мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Маған Қазақстанда өтіп жатқан сайлауды байқау мүмкіндігі берілгеніне қуаныштымын. Биыл Қазақстанның тәуелсіздігіне 30 жыл толады. Қазақстан жүріп өткен жол оңай емес, 30 жыл бойы Қазақстан өзінің мемлекеттілігін нығайтып келеді. 30 жыл бойы түрлі реформалар табысты жүзеге асырылып келеді», - деді Т. Чамаш.