06 қаң, 2021 сағат 06:21

Қазақстанда 22 791 науқас коронавирустан емделіп жатыр

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 6 қаңтардағы ақпаратты жариялады, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

6 қаңтардағы мәлімет бойынша, 22 791 адам короновирус инфекциясынан (10 722 КВИ+ және 12 109 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 5 212 пациент стационарда, 17 579 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Коронавирусқа шалдыққандар арасында:

• 299 адамның жағдайы ауыр;

• 45 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 44 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.