07 нау, 2024 сағат 14:37

Қазақстанда қанша әйел бар?


Қазақстанда әйелдер, қыз-келіншектер саны - 10 260 057. Дәл осынша әйел, аяулы жар, ана мен қыз 8 наурыз мерекесінде шын жүректен шыққан құттықтауға ие болады. Бұл туралы Ұлттық бюро статистері мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бүгінгі таңда әйелдердің 63,6 пайызы қалалық, 36,3 пайызы ауылдарда тұрады. 

Өңірлер бөлінісінде әйелдердің басым көпшілігі:

  • Алматы қаласында – 1 196 450; 
  • Түркістан  – 1 049 866;
  • Алматы – 766 092 облыстарында тұрады.

Жас құрамы бойынша 18 жасқа дейінгі қыздардың саны – 3,3 млн, 18-ден 60 жасқа дейінгілердің саны – 5,3 млн, 60 және одан жоғары жастағы апа-әжелеріміздің саны 1,6 млн.