28 жел, 2020 сағат 06:08

Қазақстанда осы уақытта 22 480 адам коронавирустан емделіп жатыр

2020 жылдың 28 желтоқсанындағы мәлімет бойынша, Қазақстанда, 28 880 адам коронавирустан емделіп жатыр, деп хабарланды Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында.

Ондағы деректерге қарағанда, емделіп жатқандардың ішінде 5058 адам, 17 422 науқас амбулаториялық жағдайда ем алуда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 245 адамның жағдайы ауыр; 48 пациенттің жағдайы өте ауыр; 42 науқас жасанды тыыс алу аппаратында жатыр.

2020 жылғы 28 желтоқсандағы жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек бойынша бір тәулік ішінде 27 жағдай тіркеліп, 54 адам жазылып шыққан. 2020 жылдың 1 тамызынан бастап: Науқастар саны – 45 442, өлім жағдайлары - 490, барлығы 32 830 адам сауығып шықты.