21 сәу, 2026 сағат 11:12

Мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебе беру қағидалары бекітілді

Фото: Ulttykmuragat.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңға сәйкес, мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебе беру қағидалары бекітілді. Құжат 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Ult.kz.

Бекітілген қағидаларға сәйкес, «Ұлттық» мәртебесі архив ісі саласында мемлекеттік әрі қоғамдық маңызы бар және белгіленген талаптарға сай келетін мемлекеттік архивтерге беріледі.