07 сәу, 2022 сағат 14:20

Қазақстандық фильм АҚШ кинофестивалінде жүлде алды

Режиссер Самғар Рақым түсірген "Көше ақыны" қысқаметражды фильмі АҚШ-тағы Annapolis Film Festival кинофестивалінде "Үздік қысқаметражды фильм" номинациясы бойынша көрермен көзайымы сыйлығын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Annapolis Film Festival - 2013 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келе жатқан түрлі панелдері, пікірталастары және арнайы көрсетілімдері бар тәуелсіз кино кинофорумы.

Айта кетейік, ақпан айында "Көше ақыны" АҚШ-та Нью-Йоркте өткен Meihodo International Youth Visual Media фестивалінде күміс жүлдеге ие болды.