22 қыр, 2021 сағат 12:14

Қазақстандық музыкант Рахат-Би Әбдісағин Германияда жаңа диск шығарды


Бала күнінен ерекше талатымен танылған қазақстандық музыкант Рахат-Би Әбдісағин Германияда жаңа дискісін шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы музыканттың өзі Facebook-те жазды. 

«Құрметті достар! Мен сіздерге пианистік CD дискіме алдын ала тапсырыс беруге болатынын қуанышпен хабарлаймын», - делінген жазбада.

Осылайша ол еуропалық өнерсүйер қауымға өзінің пионист ретіндегі дарынын паш етіп отыр. Музыкант дискіге арнап классикалық туындалар орындаған. Аталмыш диск Франкфурттегі көрме мен Шанхайдағы ірі музыкалық алаңдарға қойылады деп жоспарланып отыр.