Фото: Offside.kz
Петропавл қаласында «Қызылжар» футбол клубының жеке қаржыландыру жүйесіне көшуіне байланысты маңызды келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Ult.kz.
«Қызылжар» ФК-ның инвесторы бизнесмен Сергей Кан болды.
"Жекеменшік басқару жаңа мүмкіндіктер ашады, инвестиция тартуға және өңірлік футбол инфрақұрылымын дамытуға жол береді", – дейді Сергей Кан
Оның айтуынша, бұл келісім бүкіл өңірдегі футболдың дамуына мүмкіндік береді.
