04 мам, 2026 сағат 10:37

Қазақстанға 11 келі гашиш майын заңсыз алып өтпек болған шетелдік Алматы әуежайында ұсталды


Фото: видеодан скриншот
Алматы әуежайында Таиландтан Қазақстанға 11 келі гашиш майын заңсыз алып өтпек болған 20 жастағы шетел азаматы ұсталды. Бұл туралы Ult.kz мәлімдеді.

Ішкі істер министрлігінің дерегінше, жүргізілген арнайы тексеру кезінде полиция қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп әрекет етіп, әуежайда есірткі заттарын контрабандалық жолмен жеткізуге бағытталған әрекеттің алдын алды.

"Бангкок-Алматы рейсінің 20 жастағы жолаушысы, жақын шетел азаматы ұсталды. Жеке тінту кезінде одан жалпы салмағы шамамен 11 келілік  гашиш майы құйылған 12 пластикалық ыдыс тәркіленді", – деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікемов.


Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 286-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл баптың санкциясымен күдікті 20 жылға дейін өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін немесе мүлкі тәркіленеді.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жыл басынан бері Қазақстан аумағына есірткіні заңсыз әкелудің 57 фактісінің жолы кесілген.