
Қазақстанның Армения, Бразилия, Аргентина және Чилидегі елшілері қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың расми сайты.
***
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:
Тимур Бейбітәліұлы Оразаев Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды;
Қайрат Асаниязұлы Саржанов Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Аргентина Республикасындағы, Чили Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.
