03 жел, 2020 сағат 17:16

Қазіргі уақытта волонтер деген сөздің салмағы бар – Гүлмира Абдрашева

Қазіргі уақытта волонтер деген сөздің салмағы бар. Тіпті волонтер болу сәнге айналып барады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингіде «Клуб Добряков» еріктілер қозғалысының негізін қалаушы Гүлмира Абдрашева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Клуб Добряков» еріктілер қозғалысы еліміздің жеті аймағында ашылған. Бұл клуб қай аймақта ашылса да сол маңда орналасқан елді мекендердегі адамдар мен жануарларға көмектеседі деген қаулы шығарылады. Мысалы, елордадағы клуб елорда маңында орналасқан 32 ауылға көмектеседі. Жануарлар дүниесін қорғау туралы заңнама шығатыны туралы жаңалық бізді қуантты», - дейді «Клуб Добряков» еріктілер қозғалысының негізін қалаушы Гүлмира Абдрашева. 

Оның айтуынша, волонтерлікпен айналысқанына 15 жыл болса, «Клуб Добряков» еріктілер қозғалысының ашылғанына 6 жыл болған. 

«Қазіргі уақытта волонтер деген сөздің салмағы бар. Тіпті волонтер болу сәнге айналып барады және мен бұл идеяны қолдаймын. Бұл жыл волонтерлер жылы деп жариялануының өзі мемлекет тарапынан үлкен қолдау деп санаймын», - дейді ол.