
Халықтың сенімін арттыру үшін жемқорлықтың кез келген көрінісімен ымырасыз күрес қажет. Бұл туралы ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Ержан Жиенбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еліміздің стратегиялық дамуындағы негізгі басымдықтардың бірі. Бұл Президентіміздің берік ұстанымы және сайлауалды бағдарламасында халыққа берген уәдесі. Соңғы жылы бұл бағытта жасалған жұмыс аз емес, жүйелі сипатқа ие болуда. Бірқатар маңызды міндет жүзеге асырылды. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауда жария еткен тапсырмаларын орындау үшін қазірдің өзінде құқық қоорғау органдары қызметкерлерінің, судьялардың, пара берушілер мен делдалдардың жемқорлығы үшін жауапкершілік қатаңдатылды. Аса ауыр жемқорлық қылмыс үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босату алынып тасталды», - деді ол ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің алқа отырысында.
Оның айтынша, квазимемлекеттік сектордағы жемқорлық үшін жауапкершілік күшейтіліп, ұлттық компанияларда жемқорлыққа қарсы комплаенстердің негізгі бекітілді.
«Халықаралық ынтымақтастық нығая түсуде. Қазақстан ГРЕКО халықаралық ұйымына қосылды. Мықты құқықтық іргетас қаланды және реформаларды табысты жүзеге асыру үшін жемқорлыққа қарасы шаралар мен бастамалардың барлық топтамаларының мүлтіксіз әрі шынайы орындалуына қол жеткізу өте маңызды. Адам мен бизнес құқығын қорғау басты назарда қала береді. Халықтың сенімін арттыру үшін жемқорлықтың кез келген көрінісімен ымырасыз күрес қажет. Қоғамда құқықтық нигилизмнің таралуына жол бермеу маңызды», - деді Ержан Жиенбаев.
