05 қаң, 2021 сағат 08:45

Коронавирус: Қазақстанның бір де бір облысы «қызыл» аймақта жоқ

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы 5 қаңтардағы елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

Бағалау матрицасы елде бір де бір облыстың «қызыл» аймақта жоқ екенін хабарлайды. 

Әйтсе де, «сары» аймақта әлі де Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, СҚО, Қостанай, Павлодар, Атырау облыстары тұр.

Қалған өңірлердің бәрі - «жасыл» аймақта. 

Бүкіл Қазақстан аумағы да «жасыл» аймақтың ішіне белгіленген.