20 жел, 2020 сағат 06:14

ҚР аумағынан шығарып жіберу кезінде ұстап алу мерзімдерін реттейтін Заңға қол қойылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу кезінде ұстап алу мерзімдерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап. 

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.