15 қар, 2020 сағат 12:15

Қырғыз премьер-министрінің міндетін атқарушы тағайындалды

Қырғызстанда Президент сайлауының нәтижесі анықталғанша премьер-министрдің өкілеттілігі уақытша тоқтатылды, деп хабарлады Кабар агенттігі.

«Қырғыз Республикасы Президентін және Жоғарғы Кеңес депутаттарын сайлау туралы» Қырғыз Конституциялық заңының 21-бабына сәйкес президент сайлау нәтижесі белгілі болғанша ҚР премьер-министрінің өкілеттілік қызметі тоқтатылды. Мұндай жарлыққа премьер-министр Садыр Жапаров қол қойды. 

«Қырғыз Үкіметі туралы» ҚР Конституциялық заңының 19-бабына сай Қырғыз премьер-министрінің міндетін атқару Бірінші вице-премьер-министрге жүктелді. 

Бірінші вице-премьер-министр қызметін Артем Новиков атқарады.

Еске салсақ, Садыр Жапаровтың кандидатурасының Қырғызстан президенті лауазымына ұсынылуына және президент міндеттерін атқару өкілеттілігінің тоқтатылуына байланысты, Конституцияға сәйкес ел президенті міндетін атқарушының өкілеттіктері Жогорку Кенеш төрағасы Талант Мамытовқа өтті.