01 нау, 2024 сағат 11:56

Қырғызстанда қайтыс болғандарды кремациялауға рұқсат берілді


Қырғызстанда крематорийлер салынады. Олар тек қалаларда жұмыс істейді және бұл тәсілді мемлекеттік органдар арқылы ғана қолдануға болады, деп хабарлайды Қырғызстанның 24.kg сайты.

Қырғызстан парламентінің депутаты Марлен Маматалиев елде мемлекеттік крематорийлер салынатынын айтты. Марқұмды өртеу керек деген пікірді қолдайтындар аз емес.

Мұндай мекемелерді салу туралы тармақ «Жерлеу және жерлеу ісі туралы» заңда бар.

"Қазір бұл заңда белгілі бір дін өкілдерін кремациялау мүмкіндігі қарастырылған. Крематорийлер түрлі аурудан өлген жануарларға да арналған. Қазір олардың мәйіттері қарапайым қоқысқа лақтырылуда", - деді Марлен Маматалиев.


Депутат крематорийлер үкімет қаржысына Қырғызстан қалаларында ғана салынатынын айтты.

"Кремациялау жұмыстарын қатаң түрде тиісті органдар жүзеге асырады. Туыстары растау құжаттарын көрсетуі керек. Кім қаласа, сол жасай салатындай оңай нәрсе болмайды", - деді Маматалиев.