18 мам, 2025 сағат 16:02

Қытай мен Қазақстан достығы: Қытайдың Қазақстандағы елшілігі кино көрсетілім өткізді


Фото: Ұйымдастырушылардан

Бейсенбі, 15 мамырда Қытайдың Қазақстандағы елшілігі елшілік залында кино көрсетілім өткізді, деп хабарлайды Ult.kz.

Онда елшілік басшылары мен қазақстандық жоғары оқу орындары, колледждердің жас дипломаттары және жастар өкілдері Дүниежүзілік антифашистік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған "Композитор" фильмін тамашалады. 

Кино көрсетілімде Қытайдың Қазақстандағы елшісі Хань Чуньлинь сөз сөйлеп, Қазақстан мен Қытай елдерінің достығы, өзара байланысы мен бірлігі турады айта келе, көрсетілген фильмге тоқталды.

Фото: Ұйымдастырушылардан

"2013 жылы Қазақстандағы мемлекеттік сапары барысында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Назарбаев университетінде сөз сөйлеп, онда Қытай музыканты Сянь Синхай мен қазақстандық музыкант Байқадамов арасындағы әсерлі достықты атап өтті. Сянь Синхай Қытайда халық музыканты ретінде танымал. Оның ең танымал туындысы - Кантата Хуанхэ өзені - Қытай халқын жапон басқыншыларына қарсы батыл күресуге шақырды. Ол Қытай музыка тарихына өшпес із қалтырды", - дейді елші. 


Айта кетейік, өткен ғасырдың 40-жылдарында соғыс Қытай музыкантының отанына оралуына кедергі болып, Сянь Синьхай Алматыда эвакуацияда қалған. Ауру мен аштық жағдайындағы Сянь Синхайға қазақстандық танымал композитор Бақытжан Байқадамов көмекке келді. Ол онымен бір үзім нанды бөліп жеп, баспана тауып береді. Сөйтіп, екі композитор бір-бірін танып біліп, жақын досқа айналады. Осы уақыт ішінде Сянь Синхай қазақ батыры Амангелдінің ерлігі негізінде симфониялық поэма жазады. Бұл туынды елге антифашистік насихат ретінде әсер етіп, халық арасында кеңінен танымал болды.  Бақытжан Байқадамов пен Сянь Синхай арасындағы берік достыққа құрмет ретінде Алматыда бір-біріне параллель жатқан екі көше Сянь Синхай және Байқодомов көшесі деп аталды. Сонымен қатар осы оқиғадан Қытай мен Қазақстан кинематографистері шабыттанып, көркем фильм түсіріп, үлкен экранға шығарды.

Фото: Казахфильм
"Композитор" фильмі Қытай мен Қазақстанның алғашқы бірлескен фильмі. Сондай-ақ бір белдеу - бір жол бойындағы елдер арасында бірлескен фильмдер түсіру тарихын ашты. 2018 жылдың маусым айында Қытай мен Қазақстан басшылары халықтық жиналыс үйінде түсірілім тобын қабылдады және барлық өкілдер осы фильмнің трейлерін бірге тамашалады. Төраға Си Цзиньпин атап өткендей, Сянь Синхай - Қытайдың жаңа тарихындағы ең ұлы музыкант, бірақ оның Қазақстандағы тарихын көп адам біле бермейді. Бұл фильм өте маңызды. Бұл беймәлім оқиғаны кеңінен танымал ету керек! 2019 жылы Қытай мен Қазақстанда осы фильмнің премьерасы өтті. Фильм 9-шы Бейжің Халықаралық кинофестивалінің ашылу салтанатында көрсетілген алғашқы фильм ретінде таңдалды және көптеген марапаттарға ие болды. Соның ішінде 18-ші қытайлық "Хуабяо" киносының көрнекті көркем фильмі және 15-ші Қытай-Америка кинофестивалінің "Алтын Періште" сыйлығына ие болды", - дейді Хань Чуньлинь.


Фильмді 100-ге жуық адам тамашалап, жылы қабылдады.