Фото: Olympic.kz
Мәнерлеп сырғанаудан Прагада өтетін Әлем чемпионатында екі қазақстандық спортшы өнер көрсетеді, деп хабарлайды Ult.kz.
Әлем біріншілігі 25-29 наурыз аралығында өтеді.
Халықаралық конькишілер одағының мәліметіне сәйкес, чемпионатқа қатысушылар тізіміне Қазақстан құрамасынан екі спортшы енген.
Аталған турнирде Софья Самоделкина мен Диас Жиренбаев бақ сынайды.
Алдағы Әлем чемпионатына Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров қатыспайды. Спортшы тығыз жарыс кестесінен кейін қалыпқа келуге уақыт бөлуді жөн көрген.
