09 жел, 2020 сағат 17:42

Марат Бекетаев ҚР Президентінің кеңесшісі сэр Сума Чакрабартимен кездесті

ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі сэр Сума Чакрабартимен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бүгін Әділет министрлігінде Президенттің кеңесшісі – Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары сэр Сума Чакрабартимен кездесу өтті. Кездесу барысында сэр Сума Чакрабарти Әділет министрлігінің құрылымы және қызметімен, оның Қазақстандағы құқықтық реформаларды іске асырудағы рөлімен танысты», - делінген аталған министрлік таратқан ақпаратта. 

Ведомство мәліметінше, сэр Чакрабарти өз кезегінде министрліктің ашықтық пен одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендігі үшін алғыс білдірген.