
ҚР Парламенті Мәжілісінің 7 тұрақты комитеті бекітілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Конституциямыздың 6-бабы 1-тармағына сәйкес, Мәжілістің тұрақты комитеттерінің саны 7-ден аспауы керек. 6-шы сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінде мынадай 7 тұрақты комитет жұмыс істеді: Аграрлық мәселелер комитеті, Әлеуметтік-мәдени даму комитеті, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті, Қаржы және бюджет комитеті,Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті», - деді Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин.
Сонымен Мәжіліс төрағасы әріптестерінен тұрақты комитеттердің саны мен атаулары бойынша ұсыныстарын сұрады. Депутаттар бұған дейінгі тұрақты комитеттердің саны мен атауларын қолдап бірауыздан дауыс берді.
