
Сайлау комиссиясы мүшелері, бақылаушылар және сенімді адамдардың ПТР тестіден өту шығынын Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өтейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар орталығында өткен елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ПТР тестіден өту Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қаржысы есебінен жүзеге асады. Сайлау комиссиясы мүшелері, бақылаушылар және сенімді адамдарды біз тесттен өткіземіз жәнеоған кететін қаражат ӘМСҚ арқылы өтеледі. Сайлау өтетін жер адам көп жиналатын және дауыс беретін жер болғандықтан, бүкіл сайлау процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тестілеуді тегін өткізу туралы шешім қабылданды», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
