20 ақп, 2024 сағат 10:26

Мектепте намаз оқыған оқушыларға қатысты тексеріс басталды


Мектепте намаз оқыған оқушыларға қатысты Оқу-ағарту министрлігі тексеріс бастады. Күні бұрын білім ордасында намаз оқыған оқыған оқушылардың видеосы Желіде тараған еді. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" "Информбюро" жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Әлеуметтік желіде тарап жатқан жазбадан бір топ баланың сәждеге жығылып жатқанын байқауға болады. Олардың арт жағында мектеп партасы көрінеді. Спорттық киім киген бозбалалар қай мектептің шәкірттері екені әзірге белгісіз. Оқиғаның қай өңірде болғаны да беймәлім.

Жалпы заң бойынша оқу орындарында діни құлшылық жасауға тыйым салынған.