02 қаң, 2021 сағат 09:57

Мемлекет басшысы өлім жазасының күшін жоюға қатысты заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге Екінші Факультативтік Хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.