26 шіл, 2016 сағат 13:54

Мұқағалиды Одақ мүшелігі қатарынан шығарған кім?..

Автор не мақсатпен ақын өмірін сонша қазбалаған? Мұқағали Мақатаевты СССР Жазушылар Одағынан шығару туралы әңгіменің бүге-шігесіне дейін анықтап, Сафуан Шәймерденов ағамыз осыдан отыз шақты жыл бұрын өзінің Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығын алған "Ағалардың алақаны"атты кітабында жазып кеткен. Мына автор сол шындықты былай бұрмалайды ""... Мұқағали Мақатаев Жазушылар одағы қатарынан шығарылмаған. Тек одақ басшылары өзі де айтатынындай, «серілік» өмірге түсіп кеткен ақынды жөнге салып алу ниетімен жалған Қаулы әзірлейді..." Ал, шыныда, жалған қаулы емес,әзірленгені -қаулының жобасы. Бұл шараға аса ірі лауазымдағы ағаның араласуымен осы қаулы жоба күйінде жойылғанына Сафуан аға өзі себепші болған. Аруақтарды бұлай күстаналау ешкімді көркейтпейтінін әркім есте ұстағаны жөн шығар.