10 жел, 2020 сағат 09:15

НАТО Ауғанстан бойынша келіссөзге қатысушыларды бейбітшілікке үн қосуға шақырады

Бүгін Солтүстік Атлантикалық Альянс Ауғанстандағы бейбіт келіссөздер туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

- Ауғанстан Ислам Республикасы мен «Талибан» қозғалысының келіссөз топтары Ауғанстандағы бейбіт келіссөздердің ережелері мен рәсімдері туралы жақында жасаған келісімі және Ұлттық бітімгерлік жөніндегі жоғары кеңестің басқарушы комитетінің бірінші отырысы – Ауғанстандағы тұрақты бейбітшілікке жетудің маңызды қадамдары. Мұны ауған халқы нақты талап етеді. Біз (НАТО- авт.) тараптарды зорлық-зомбылықты дереу тоқтатуға, тұрақты, жан-жақтан атысты тоқтату туралы келіссөздер жүргізуге және көршілерімен тұрақтылық пен бейбітшілікте өмір сүріп жатқан гүлденген Ауғанстанға арналған саяси жол картасы туралы келіссөздер жүргізуге келісе отырып, осы қарқынды күшейтуге шақырамыз. 

Қырық жылға созылған қақтығыстардан кейін келіссөздерге негізделген саяси реттеу тұрақты бейбітшілікке деген жалғыз үміт береді. Әсіресе, Талибан шабуылдарынан туындаған зорлық-зомбылық бейбітшілік процесін бұзады және оны тоқтату керек. 

Біз келіссөздер зорлық-зомбылықты тоқтататын, соңғы 19 жылдағы прогреске сүйенетін, барлық ауғандықтардың, әсіресе әйелдердің, балалардың адам құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін, заңның үстемдігін қолдайтын және Ауғанстанда террористер үшін баспана болмауын қамтамасыз ететін тұрақты және жан-жақты ауған бейбітшілік келісіміне әкеледі деп күтеміз. 

НАТО және оның серіктестері Ауғанстанға, ауған халқына және ауған қауіпсіздік күштеріне деген адалдығын растайды. Біз Ауғанстан үкіметі мен «Талибан» қозғалысын Америка-Талибан келісімі мен бірлескен аменика-ауған декларациясы бастамасымен басталған бейбітшілік процесінде өз міндеттемелерін орындауға шақырамыз. 

Альянс біздің әскери қатысуымыз туралы мәселе бойынша консультацияны жалғастырады және егер мүмкін болса, оны ауғандықтардың өздері және олардың басшылығы жүзеге асыратын бейбіт процесті қолдау үшін реттейді. 

Біз Ауғанстанға бірге кірдік, бірге бейімделеміз және жағдай реттелген кезде ғана бірге кетеміз. Біз ауған халқының бейбітшілікке ұмтылуын қолдаймыз.