
2025 жылға қарай колледждер мен университеттердің жатақханаларында кемінде 50 мың жаңа орын пайдалануға беріледі. Бұл туралы Мәжілісте «Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін іске асыруға арналған талқылау кезінде Премьер-Министр Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«2022 жылы Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша Петропавл және Шымкент қалаларында 2 озық өңірлік жоғары оқу орны құрылады», - деді А. Мамин.
Бұдан бөлек ол 2025 жылға қарай колледждер мен университеттердің жатақханаларында кемінде 50 мың жаңа орын пайдалануға берілетінін атап өтті. Сондай-ақ жыл сайын 10 мың орын берілетін болады.
