29 жел, 2025 сағат 17:30

NEW YEAR with QAZAQCONCERT Астанада жаңа жылдық концерт өтті

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында «NEW YEAR with QAZAQCONCERT» атты жаңа жылдық концерт өтті.

Мәдени кеш барысында эстрада жұлдыздары көрерменге мерекелік көңіл күй мен ұмытылмас әсер сыйлап, жанды дауыста кәсіби бэндтің сүйемелдеуімен көпшілік сүйіп тыңдайтын хит әндерді орындады.


Концерттік бағдарламада «Жаңа жыл шамдары», «Аппақ қар», «Жаңа жыл», «It's the Most Wonderful Time of the Year », «Jingle bells rock» және т.б. әндер мен билер орындалды. 


Сахнаға Қазақконцерттің танымал өнер жұлдыздары шықты: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Құрмаш Махан, Гүлсім Мырзабекова, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Алибек Альмадиев, «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісінің иегерлері Алтыншаш Мұқатаева, Анна Уварова, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Ербол Тәжібаев, Қуандық Шалқарұлы, Ақбөпе Әлібекова, Асылхан Шалқаров, Ибраһим Амин, Талғат Аллаберинов, Лаура Кумарханова, Нұрмұхамед Сәтен, сондай-ақ, «Astana Musical» мемлекеттік театры, «GULDER» ансамблінің балеті және көркемдік жетекшісі Абзал Өсімбаев пен G-band.

Фотолар: Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» баспасөз қызметінен