
Меркі ауданында «Nur Otan» партиясын қолдаушылар саны күн сайын артып келеді. Бұған облыстық штаб мүшесі Дүйсенбай Ермековтың іссапары дәлел болғандай. Өйткені аудан, ауыл тұрғындары бас партияға сенім артып, қолдау білдіруде.
Алғашқы кездесу Меркі ауданы, Ақтоған ауылдық округіндегі зейнеткер ұстаз Алмаш Әбдінің үйінде өтті.
Дүйсенбай Ермеков «Есіктен есікке» акциясы аясында партияның атқарған оңды істеріне тоқталып, Меркі ауданынан облыстық мәслихатқа депутаттыққа үміткер Нұрлан Сейсенбаевқа сөз берді. Ол - Ақтоған ауылдық округіндегі жастар қозғалысының еріктілер мен жомарт жандардың бастамашысы, бастаушысы, ақылшысы. Сондай-ақ ауылдағы бірқатар игілікті істердің ұйымдастырушысы.

Нұрлан Сейсенбаев депутаттыққа өз кандидаттығын ұсына отырып, ауылдық жерлерде жастарды кәсіпке тарту, ауылдық жерлерде облыс әкімінің бастамасы «Қарапайым заттар экономикасын» іске асыру барысын түсіндірді.
Биылғы жылы Меркі ауданы Сұрат ауылдық округіндегі пилоттық жоба табысты өтті. Енді мемлекеттен ақша күтпей, осы ауыл жастары әлеуметтік тұрмыс жағдайды көтеру мақсатында ауылдықтардың жерін игеріп беріп, оған қажетті көшет, тұқымдарын алуға, үй іргесінен табыс табуға барлық азаматтарға, ауылдықтарға мүмкіндік тудыруды қолға алуда.
Өз кезегінде, 40 жылдық ұстаздық тәжірибесі бар Алмаш апай партияның атқарып жатқан жұмыстарына көңіл толатынын айтып, алдағы уақытта аудан, облыс атынан сайланған депутаттар одан әрі халықтың жағдайын көтеруге көмек, демеу болады деп сенім білдірді.

Бұдан соң штаб мүшелері мен үміткерлер «Жақсылық» шаруа қожалығының төрағасы Алакөзов Асқардың үйінде болып, келелі әңгіме құрды. Онда 90 жылдың тоқырауы мен Тәуелсіздік алғалы болып жатқан жақсылықтар туралы ой қозғады. Сөз кезегінде Дүйсенбай Ермеков өзінің атқарған қызмет жолы, сол кездердегі қиыншылығы туралы айтса, кездесуде болған ауыл тұрғыны, ауыл қариясы Серікбай Құралбай қазіргі халыққа жасалып жатқан мүмкіндіктер: жеңілдетілген несие, қайтарымсыз грант, салықтан босату, жұмыссыздықпен күрес, жаңа ашылып отырған кәсіпорындар туралы кеңінен баяндады.
Биылды жылдың барлық аудандар үшін болған жағымды да көптің қолдауын тапқан тың жобалардың бірі облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың асарлатып үй салу дәстүрін жандандыру болды. Әрбір ауданда әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж жандар баспаналы болып, қуаныш сезімдерін жасыра алар емес.

Ия, Меркі ауданының өзінде жоба аясында 12 шаңырақ көтерілсе, 250 орындық мешіи жанынан үлкен асхана да көптің қолдауымен пайдалауға берілгелі тұр. Осындай Үкімет пен халықтың етене бір бірін түсініп жұмыс атқаруының нәтижесінде азаматтардың ынтымағы мен бірлігі артып, мейірімді, қайырымды істерді атқаруға деген құлшынысы артуда.
Облыстық штаб мүшесі келесі кезекте Жаңатоған ауылдық округінің Қостоған ауылы тұрғындарымен кездесумен жалғастырды.
Ауылдың ардагерлер кеңесінің төрағасы Темірхан Алжанбаевтың отбасында зейнеткер ұстаз, партияның қоғамдық штаб мүшесі Қайнаркүл Татығұлова, депутаттыққа кандидат Б.Қыстауовтар партияның халық үшін жасаған игі істері туралы әңгіме дүкен құрды. Партияға сенім білдіретіндерін айтып, барлық бастамаларда «Nur Otan» партиясымен бірге екенідігін жеткізді.
Бұдан соң осы ауылдың тұрғындары Ешетов Сауытбек пен Надырбеков Сабыралы зейнеткерлердің үйлерінде болып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
«Nur Otan» партиясы Жамбыл облысы, Меркі аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді.
