30 жел, 2020 сағат 13:59

«Nur Otan» партиясы әлеуметтік саланы ерекше назарда ұстайтын болады

Бүгін - сайлау науханының 20-шы күні. Осыған орай бүгін қалалық маслихат депутаттығына үміткерлер Сәкен Жамашев пен Асқар Молдабеков Шымкент Аграрлық колледжінің ұжымымен кездесті. Онда, мекеме ұжымына бастауыш партияның алдағы 5 жылдық сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.

Кездесуде Білім беру саласындағы мәселелер кеңінен талқыланды.

Айта кетейік, саналы ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздың біліктілігі маңызды рөл атқарады. Партия осы бағытта кешенді жоспарларды жүзеге асыруға күш салғалы отыр.

Қаламызда 35% оқушы компьютерге мұқтаж, бұл 77 698 оқушыны құрайды. Оның 35 798-і әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасылардың балалары болып табылады. Осыған орай, «Nur Otan» партиясы 3 негізгі бағытта жұмыс жүргізеді.

Сондай-ақ, мектеп тапшылығын жою мақсатында алдағы 5 жылда 42 мектептің құрылысы жүргізілмек.

Білім сапасын жақсарту мақсатында жоғары және бірінші санатты мұғалімдер үлесін 30%-ға дейін артуына ықпал етеді.

Кәсіптік білім беру саласында еңбек нарығына қажетті мамандарды даярлау үшін орта арнаулы оқу орындарында дуалды оқу жүйесі енгізіліп, шәкірттер озық үлгідегі әдістермен оқытылады.

Айта кетейік, Шымкент қаласының сайлау алды бағдарламасы да праймериз кезеңінде тұрғындардан түскен ұсыныстар негізінде дайындалды.

Нақтырақ айтқанда, қала тұрғындарынан келген 685 ұсыныстың 98 пайызы «Nur Otan» партиясының сайлау алды бағдарламасының негізі бағытарының біріне айналды.

«Nur Otan» - нақты істер партиясы!

«Қиындықты еңсеріп жеңіске бірге жетеміз» 

Шымкент қаласындағы "Nur Otan" партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді.