28 жел, 2020 сағат 10:55

«Nur Otan» - жарқын жетістіктер партиясы!

Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, қалалық Сайлауалды штаб жетекшісі Бахадыр Мәдәліұлы Нарымбетов кәсіпкер әйелдерге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Жиында Партияның 5 жылдық жоспары мен бағдарламаның негізгі бағыттары кеңінен насихатталды. Қаламыздың кәсіпкерлік саласында бірқатар маңызды істер атқарып жүрген нәзік жандыларды алаңдатқан сауалдар да жоқ емес екен. Партия атынан үміткер Бахадыр Мәдәліұлы барлық сұрақтарға жауап беріп, түйткілді мәселелер партия назарына алынатынын жеткізді.


«Біз - нақты істер партиясымыз! Біз - бос уәде мен жауапсыздықтан аулақпыз. Сол себепті біздің бағдарламадағы сандар толықтай нақтылықпен есептеліп, кезең-кезеңдерге бөлінген. Бұл жұмыстың толық атқарылып, мәселердің шынымен шешілуіне ықпалдасады.

«Nur Otan» партиясы жаңа өндіріс орындарының ашылуына және лайықты жалақысы бар тұрақты жұмыс орындарының көбеюіне күш салады.

Қазіргі танда Шымкентте жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құрайды. Алдағы 5 жылдықта осы көрсеткішті 4,9 пайызға дейін төмендетуді жоспарлап отырмыз» - деді Б. Нарымбетов.


Одан әрі кәсіпкерлік саласындағы жоспарлар жайында баяндалды. Бүгінде Қалада 71 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілері бар. Онда 153,1 мың адам жұмыс істейді. Яғни қаладағы кәсіпкерліктің жалпы өнімдегі үлесі 31 пайызды құрайды, бұл әлі де аз. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 50 пайыздан асады. Біз осы мақсатты көздеуміз керек деді төрағаның бірінші орынбасары.


Осы мақсатқа жету үшін «Nur Otan» партиясының бастамасымен:

  • Жастар мен әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мақсатында «Мен кәсіпкер боламын» атты өңірлік іс-шара іске асырылады;
  • Алдағы 5 жылда 100-ден астам жастар мен әйелдерге жеңілдетілген несие беріледі; ЖЫЛ САЙЫН 20 АДАМ!
  • «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде 5 жылда 500 кәсіпкерге қолдау көрсетіледі. ЖЫЛ САЙЫН КЕМІНДЕ 100 ЖОБА!
  • «Еңбек» жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының аясында 5 ЖЫЛДА 300 ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІСІНЕ қолдау көрсетіледі. ЖЫЛ САЙЫН КЕМІНДЕ 60 ЖОБА!
  • Кәсіпорындарда еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз етіп, жұмыс берушілердің әлеуметтік кепілдіктер беруіне қоғамдық бақылау күшейтіледі;
  • Әкімшілік кедергілерді болдырмау үшін «Бір терезе» қағидасы бойынша «Бизнеске арналған Үкімет» жобасы іске асырылады. Нәтижесінде осы салада жұмыспен қамтылғандар саны 159,4 мың адамға дейін артатын болады.

«Nur Otan» партиясының басты құндылығы — адам, оның жайлы және бақуатты өмір сүруі мен денсаулығы. Қазіргі күрделі жағдайда бұл айрықша маңызға ие.

Партия әрқашан халықтық партия болып келеді. «Nur Otan» еліміз бен оның әрбір азаматының тағдыры мен болашағына деген жауаптылықты толық сезінеді. Сол себепті қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмайды. Экономикалық және саяси жаңғыру, қоғамды елдік мақсатқа ұйыстыру, мықты және табысты мемлекет құруға бағытталған өз идеологиясын жүзеге асыра бермек.

«Nur Otan» – нақты істер партиясы!

«Nur Otan»-ға дауыс бер!

Шымкент қаласындағы "Nur Otan" партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.