11 қаң, 2021 сағат 10:33

Нығматулин Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттарына дауыс берді

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын Мәжіліс депутаттарының сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" төменгі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетсек, бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVIII сессиясы өтіп жатыр.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі Парламент Мәжілісінің депутаттығына тоғыз кандидат ұсынды. Олар: Сауытбек Әбдірахманов, Аветик Амирханян, Ілияс Буларов, Наталья Дементьева, Юрий Ли, Вакиль Набиев, Шамиль Осин, Владимир Тохтасунов, Абилфас Хамедов.