15 қаң, 2021 сағат 11:05

Нығматулин: Мен үшін өте үлкен жауапкершілік

ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып сайланған Нұрлан Нығматулин әріптестеріне алғысын білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ең алдымен, мені тағы да осы жоғары лауазымды қызметке - Мәжіліс Төрағасы ретінде сайлағандарың үшін шын жүректен алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер! Біріншіден, бұл мен үшін өте үлкен жауапкершілік. Сондықтан да әрқашан Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзіме жүктеген міндеттерін жоғары деңгейде орындау үшін, сіздердің және біздің сайлаушылардың сенімін ақтау үшін барлық жинаған білімімді, тәжірибемді жұмсайтын боламын», - деді Мәжіліс төрағасы болып сайланған Нұрлан Нығматулин. 

Айта кетейік, бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Нұрлан Нығматулин Мәжіліс Төрағасы лауазымына депутаттардың жасырын дауыс беруі нәтижесінде сайланған еді.