10 қаң, 2021 сағат 07:21

Нью-Дели мен Исламабадтағы сайлау учаскелері жұмысын бастады

Нью-Дели мен Исламабадтағы сайлау учаскелері жұмысын бастады. Бұл СІМ телеграм каналы хабарлады.

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 20 қазанында Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауын өткізу туралы жарлық шығарған болатын.

Бүгін 12 өңірде 8 141 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды.

Сонымен қатар, ең бірінші болып парламенттік сайлауда дауыс берген Оңтүстік Кореядағы Корё университетінің студенті, Қазақстан азаматы - Аделина Алпамыс болды.